Тағы бір араб елі ғарышқа қол созды (фото+видео)
|
Таяу шығыс елдері соңғы жылдары ғарыш технологиясын игеруге ден қойып отыр. Бұл бағытта түрлі әрі ауқымды жобаларды қолға алып жатыр. Саудия мен Біріккен Араб Әмірліктері бұл салаға мол қаржы құйып, инвестиция тартып қоймай, сонымен қатар, ғарышқа саяхатты жүзеге асыруға талпынбақ. Бұл жайында islam.kz порталы Scoop Empire ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш орталық ғарыш жағдайын имитациялайды, болашақ ғарышкерлерді алдағы миссияларға дайындайды. Сондай-ақ, ғарышты игерумен байланысты ауқымды зерттеулер мен тәжірибелер жүргізетін болады. Жаһандық ғарыш және технологиялық компанияның негізін қалаушы және бас директоры Бахия бинт Хилал бен Сұлтан Әл Шуайби бұл нысан жасанды зерде пен озық технологияларды әзірлеумен айналысатын мамандықтардағы зерттеушілер мен ғалымдарға қызмет көрсететінін түсіндірді. Осылай деген ол: «Ғаламдық ғарыш және технология компаниясы бұл орталықты ғарыштық және озық технологиялық жобаларға қызмет көрсету үшін коммерциялық және ғылыми-зерттеу мақсатында дамытады, байланыс спутниктері, қашықтықтан зондтау және спутниктік түсірілімдер сияқты бірқатар қызметтерді ұсынады. Сонымен қатар, аталған жоба мамандандырылған халықаралық институттармен бірлесіп оқыту бағдарламаларын құруды ұйғарады. Сондықтан біздің компания білім беру мекемелерінің қажеттіліктеріне сәйкес виртуалды шындыққа, 3D білім беруге және симуляциялық бағдарламаларға байланысты әртүрлі бағдарламаларды әзірлейді және оларды тиісті құрылғылармен қамтамасыз етеді». Дегенмен, бұл жобаға бөлінетін қаражаь мөлшері мен мерзімі әлі белгісіз. Мұндай бастама Таяу шығыс аймағында алғаш рет көтеріліп отырған жоқ. 2017 жылдың өзінде Біріккен Араб Әмірліктері «100 жыл ішінде Қызыл планетаға адамдарды біржола қоныстандыруды» көздейтін «2117 Mars» жобасы туралы жаһанға жар салып жариялаған еді. Аталмыш жобаның бір бөлігі жерде ғарыштық зерттеу орталығының құрылысымен байланысты болды.
Times of Oman