|
Тағамның калориясын оның фотосына қарап анықтауға мүмкіндік беретін смартфон жасалады
|
Google компаниясы тағамның калориясын фотосына қарап анықтауға мүмкіндік беретін программа жасау үстінде. Аталмыш компанияның ғылыми қызметкері Кевин Мерфи (Kevin Murphy) Бостон қаласында жуырда өткен Rework Deep Learning Summit шарасы кезінде Im2Calories жобасын ұсынды. Im2Calories жобасында тағам түрі мен мөлшерін анықтау үшін оның бейнесін терең зерделейтін күрделі алгоритм пайдаланылады. Десе де, оның бұл жобасы әлі зерттеліп біткен жоқ. Артық салмақтан зардап шегетіндер мен дене мүсінін сақтағысы келетіндер немесе белгілі бір тағам түрлерінен қандай да бір мақсатпен тартынатындар үшін бұл жобаның берері көп.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Иран алғаш рет жасырын, реактивті жойғыш дронын ұшырды (видео)