Тағам өнімдерін әзірлеуде трансмайларды пайдалануға тыйым салынды
Тағам өнімдерін әзірлеуде трансмайларды пайдалануға тыйым салынды
5 жыл бұрын 2139 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бразилияның денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық агенттігі (Anvisa) тағам өнімдеріне трансмайларды қосуға тыйым салды. Осылайша аталмыш агенттік 2023 жылға дейін ішінара гидрогенизделген майларды пайдалануға толық тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл шара импортталатын тағам өнімдеріне де қатысты қолданылады. Трансмайлар – мұздатылған тағам өнімдерінде, атап айтқанда, пиццада, печеньеде, т.б. кездесетін, жасанды жолмен синтезделген азық-түлік. Ғалымдардың айтуынша, ол холестерин мөлшерінің артуына себеп болып, жүрек-қан тамырлары ауруына шалдықтырады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, 2004 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемнің 49 еліне, атап айтқанда, АҚШ, Канада, Еуропалық одаққа мүше елдерге, Чили мен Аргентиканаға тағам өнімдеріндегі трансмайларды шектеу жөнінде кеңес берген болатын.

0 пікір
Мұрағат