Тағам өнімдері радиациямен өңделуі мүмкін
|
Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасының көктемгі сессиясында тағам өнімдерін радиациялық өңдеуден өткізу туралы заң жобасын қарастыратын болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Парламентская газета» мерзімді басылымына жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша ресейлік депутаттар заңнама тұрғысынан ауыл шаруашылық және тағам өнімдерін иондаушы сәулеленумен өңдеуден өткізу ұғымын бекітпек, сондай-ақ, тағам өнімдерін өндіру барысындағы радиациялық қауіпсіздік қажеттілігін де ескеретін болады. Аталмыш заң жобасын әзірлеушілердің бірі РФ коммунистік партия атынан сайланған Владимир Кашиннің айтуынша, мұндай профилактикалық шара азық-түлікті патогендік организмдерден арылтып, тағам өнімдерінің сақталу мерзімін ұзартады. Осылай дей келе ол бұл технологияның өткен ғасырдың 40-шы жылдары қолданылғанын еске салып өтті, алайда, бұл процедура Қеңестік социалистік республикалар одағының денсаулық сақтау министрлігінің шешімімен 1958-1983 жылдар аралығында тоқтатылғанын атап өтті.