Тағам өнеркәсібі бойынша инвестиция ең көп құйылған бес араб елі
Тағам өнеркәсібі бойынша инвестиция ең көп құйылған бес араб елі
2 сағат бұрын 35 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: AdobeStock_264043922_Preview

2025 жылдың қорытындысы бойынша Марокко тағам және сусын өнеркәсібіне инвестицияны молынан тартқан араб әлеміндегі бесінші елге айналған – шамамен 17 млрд доллар. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Гардың инвестиция мен экспортты несиеге кепілдік беру жөніндегі корпорация (Dhaman) келтірген дерекке жөн сілтеген Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша араб әлемінде Марокко бұл салада, яғни, тағам өңдеу және сусын өнеркәсібіне тікелей тартылған инвестиция мқлшері бойынша Мысыр, Саудия, Біріккен Араб Әмірлігі және Катардан кейінгі орында тұр. Осы бес елде барлығы 421 шетелдік инвестициялық жоба іске қосылған. Таяу Шығыс өңірінде тіркелген тамақ өнеркәсібі жобаларының 82 пайызы осы бес елге тиесілі. Құны бойынша аталған мемлекеттер жалпы инвестицияланған капиталдың бестен төрт бөлігін тартқан. Тағам және сусын өнеркісібінде ашылған жұмыс орындары 71 000-ға жеткен, яғни, бұл көрсеткіш осы сектордағы жұмыс орындарының 76 пайызын құрайды. 22 жыл ішінде араб өлкесі тамақ өнеркәсібінде 22 миллиард долларға жуық қаражатқа 516 шетелдік инвестициялық жобаны тіркеді және шамамен 93 000 жұмыс орнын ашқан. Десе де бұл қызметтің негізгі бөлігі күшті жергілікті сұраныс, заманауи өнеркәсіптік базалар және экспортты қолдайтын сенімді логистикалық желілер сияқты айқын артықшылықтары бар шектеулі нарықтарға бағытталған. Америка құрама штаттары араб әлеміндегі таағам өнеркәсібі саласына қаржы құюдан, яғни, шетелдік инвесторлар арасында көш бастап тұр. Америкалық компаниялар 74 жобаны іске қосты, бұл саладағы жалпы инвестицияның 14 пайызы тиесілі, инвестициялар 4 миллиард долларға жақындады, америкалықтардың ықпалымен 14 000 астам жұмыс орны құрылды. Баяндамада, сондай-ақ, жалпы араб елдерінде инвестицияның өсуі атап өтілген. Он екі араб мемлекеті 6,5 миллиард доллар инвестиция тарта отырып, шамамен 28 000 жұмыс орнын құрған, аймақта тағам және сусын өнеркәсібі бойынша қзын саны 108 жоба іске қосылған. БАӘ жобалардың да, капиталдың да ең көп үлесін иеленіп, көш бастаған.

0 пікір
Мұрағат