Табиғи апаттардан әлемдік экономикаға келген шығын есептелді
Табиғи апаттардан әлемдік экономикаға келген шығын есептелді
10 ай бұрын 846 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Табиғи апаттардан ғаламдық экономикаға келген залал күллі әлем бойынша жылына 200 млрд доллардан асып кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Swiss Re Institute зерттеу нәтижесіне жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылар бұл тарапта 36 елдегі экономикаға ең ауыр соғытаны төрт түрлі табиғи апаттың салдарын сараптады. Оларға су тасқыны, тропикалық циклон, боран және  дауыл жатады. Деректе келтірілген 200 млрд доллар шығын көрсеткіші ең төменгі деңгейі болуы мүмкін, өйткені, барлық таиғи апаттың залалы ескерілмеген, бұдан бөлек, бұл есепте тек материалдық шығын (инфрақұрылым негізінен) ғана ескерілген. Сарапшылар климаттың өзгеруіне байланысты табиғи апаттардың жиі қайталанып, күшейіп бара жатқанын, сондықтан ықтимал зиянның артуы мүмкін екенін атап өтті. Табиғи апаттардан ең көп шығын көретін ел – Филиппин, оңтүстік-шығыс Азиядағы аталған елдегі жыл сайынғы шығын 12 миллиард долларға жетуі мүмкін және Америка құрама штаттары – жылына 97 миллиард доллар.

0 пікір
Мұрағат