Табиғатта сирек кездесетін металдардың жаһандық нарығында ең үздік шыққан ел белгілі болды
Табиғатта сирек кездесетін металдардың жаһандық нарығында ең үздік шыққан ел белгілі болды
5 күн бұрын 886 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Алдағы 10-15 жылда табиғатта сирек кездесетін металдардыңң әлемдік нарығындағы ең ірі ойыншылар ретінде Америка құрама штаттары, Қытай халық республикасы, Австралия және Ресей Федерациясы алға шығады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Алфа-Банктің құнды қағаздар нарығы жөніндегі сарапшысы Борис Красноженовке жөн сілтеген ресейлік «Жаңалықтар» аақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Жердің сирек кездесетін кен орындарын игеру және сирек жер концентратын оксидтерге және одан әрі тізбектерге (металдар – қорытпалар – өнім) бөлуге арналған нысандар салу (инфрақұырылым – ред.) айтарлықтай қаржы инвестициясын және тиісті технологиялардың болуын қажет етеді», - деп түсіндірді сарапшы. Ресейлік сарапшы жылына Ресей синек кездесетін металдардың 7,5 мың тоннасын өндіруге қауқары барын айта келе тек ішкі нарықты ғана қанағаттандырып қоймай, соненымен қатар, экспорттық әлеуеті барын да тілге тиек етті. Ресей сирек кездесетін металдар қоры (шамамен 20-30 млн тонна) әлемде екінші орында тұр. Осылай деген ол сирек кездесетін металдарға сұраныс жыл сайын а10 пайызға артып келе жатқанын және бірнеше жылдан соң кей метал түрлеріне сұраныс 40 пайызға артатынын да жеткізді. Осы орайда әлемде сирек кездесетін металдармен өзін толық қамтамасыз ете алатын жалғыз ел – Қытай екенін айта кетпекпіз. АҚШ сирек кездесетін металдардың 95%-дан астамын сырттан тасымалдайды, яғни, импорттайды. Негізінен Қытайдан алады (70 пайыз). Содан кейін Малайзия мен Жапониядан тасымалдайды.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4