Сыртқы сауда балансы тек кедендік шаралармен шектелмейді
Сыртқы сауда балансы тек кедендік шаралармен шектелмейді
7 жыл бұрын 3556 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ақ үйдің қазіргі қожайыны алдымен Қытайдан бастап, көршісі Мексика, Канада және Еуропалық одақ құрамындағы елдеріне сауда-саттықта қатаң шектеулер қойғаны мәлім. Оның арты Қытаймен сауда соғысына ұласқанын да білесіздер. Ресми түрде екі тарап та сауда соғысына жол бермейміз деп мәлімдегенімен бұл соғыс жүріп жатыр. Еркін сауда-саттық жөніндегі ЕО-мен арадағы трансатланттық келісім де адыра қалды. Бұрын да айтқанымыздай, сауда соғысында ешкім де ұтпайды. Кей жағдайларда сауда соғысын бастаған жақ ұтылып қалып жатады. Қай уақытта болмасын, әлем елдері арасында сауда теңсіздігі болады. Сауда теңсіздігіндегі айырмашылықты жою үшін баж салығын арттырып жатады. Бұл шара өз кезегінде келесі тарапты осындай қадамға итермелеп, сауда соғысына ұласады. Айналып келгенде, екі тарап та ұтылмаса, ұтқан емес. Сауда балансын қалпына келтіру үшін тек баж салығын арттырып қою жеткіліксіз. Ол үшін өнімнің бәсекеге жарамдылығын көтеріп, ұлттық валюта бағамын нығайту, жекелеген елдердің экономикалық саясатын қайта қарау секілді маңызды шараларды қолға алу керек. Бұл бағытта АҚШ-тың қадамы қаншалықты әділ? Бұл сауалдың жауабын уақыттың еншісіне немесе тарихтың төрелігіне қалдырмай беру керек. Өйткені, сауда неғұрлым ырықтандырылса, соғұрлым барлық тарапқа тиімді. Әлбетте, отандық өндірісті қорғау, дамытуды есере отырып жүргізу керек. Ол конструктивті диалог керек. 

0 пікір
Мұрағат