Священник мұсылмандарды «тозақтан құтқармақ» болды
Священник мұсылмандарды «тозақтан құтқармақ» болды
9 жыл бұрын 3621

АҚШ-тың Аризона штатының пастор-исламофобы Стивен Андерсон осы елдегі аса ірі қалалардың бірінен саналатын Дирборнде (Мичиган штатына қарасты) қасиетті Рамазан айында мұсылмандарды «тозақтан құтқару» үшін шеру өткізуге бел буып отыр. Аризонадағы баптистердің шіркеуін басқаратын священник тек мұсылмандарды ғана емес, сонымен қатар, христиандықтың өзге тармақтарын да кәпір санайды. Осы мақсатта ол әлгіндей шара өткізуді көздеп, YouTube-де жақтастарын маусым айының 26-ы күніне жоспарланған шеруге шақыруда. Оның Дирборн қаласын таңдауы бекер емес, өйткені, бұл шаһар тұрғындарының үштен бірін мұсылмандар құрайды. Бұл жайында IslamNews порталы The Arab American News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Священник пен оның жақтастары өздерінің үгіт-насихат материалдарын араб тіліне аударуға де ерінген емес. Мұсылман жамағатына тарату үшін. «Біз бәріміз мұсылмандардың тікелей тамұққа кететініне зәредей күмәнданбаймыз. Олар құтқарылмайды, өйткені, Исаның құдайдың ұлы екеніне сенбейді»,- деп мәлімдеді ол. Дирборн мешітінің имамы Мардани бұл «джентельменді» кофе ішуге шақырып отыр. Оның кез келген сауалына жауап беруге дайын.

1 пікір
Мұрағат