Сұраныс пен ұсыныс: нарықтағы тепе-теңдікті қалай ұстап тұруға болады?
Сұраныс пен ұсыныс: нарықтағы тепе-теңдікті қалай ұстап тұруға болады?
8 жыл бұрын 3209 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мұнай өндірушілер мұнай өндіруді шектеуге қатысты келісімді созу турасында алдын ала сөз байласты. Бұл жайында Сауд Арабиясының энергетика министрі Халед әл-Фалих мәлім етті. Десе де ол мүдделі тараптардың барлығы бірдей бұл келісімге қосылмағанын да жеткізді. Алайда, ол келісімге қосыла қоймаған мемлекеттерді нақты атаған жоқ. Лауазымды тұлғаның айтуынша, келісімді созу мерзімі аса маңызды емес, өйткені, басты мақсат нарықтағы тепе-теңдікке қол жеткізуге саяды. Алғашқы үш айда келісімді орындау жақсы нәтиже берген. Десе де белгіленген нормативтерге толықтай қол жеткізу ақыры мүмкін болмады. Саудиялық министр атап өткендей, Парсы шығанағы елдері осы шикізат саласындағы соңғы екі жылда байқалып отырған инвестицияның тоқтамай кемігеніне алаңдаушылық білдіріп отыр. Осыдан бір апта бұрын мұнай экспорттайтын елдер ұйымының (ОПЕК) наурыз айында мұнай өндіруді кеміткені белгілі болды. Бұл келесімде қарастырылған мөлшерден де төмен. Әлемнің 11 мемлекеті кіретін ОПЕК-ке мүше елдер келісімнің шарттарын 104 пайызға орындаған екен. Өткен айда. Айта кетейік, ОПЕК-тің келесі жиыны мамыр айының 25-і күні Вена өаласында өтеді. Онда мұнай өндірушілер мұнай өндіруді кеміту жөніндегі келісімнің мерзімін ұзарту мүмкіндігін талқылайтын болады. Айта кетейік, ОПЕК және бірнеше мемлекет қаңтар айының 1-нен бастап мұнай өндіруді кеміткен болатын. 

0 пікір
Мұрағат