Супер шошқа АҚШ-қа қауіп төндіріп тұр
|
Америка құрама штаттарының аумағына 1980-ші жылдары үй шошқасы мен жабайы доңызды будандастырудан пайда болған гибридті шошқаның Канада жақтан қаптауы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Супер шошқа» - білікті мамандардың айтуынша, дене тұрқы ірі болғанына қарамастан қолға жөпшеңді түсе қоймайтын айлакер жануар, Канаданың қатал қысына төтеп беретін осы жануар оңтүстікке қарай жөңкіле көше бастаған. Қыс мезгілінде олар қар астынан жер қазып, жылы үңгірде қыстап шығады. Майкл Марлоу есімді USDA ұлттық жабайы шошқалардан келетін залалды бақылау бағдарламасы директорының көмекшісі шошқалардың қоршаған ортаға зиян келтіретінін атап өтті. Олар егістікті таптап, ағаштар мен басқа жануарларды азық етеді, суды ластайды және адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Билік шамамен алты миллион жабайы шошқа жыл сайын 1,5 миллиард долларға зиян келтіреді, деп есептейді. Саскачеван университетінің канадалық жабайы шошқаларды зерттеу жөніндегі ғылыми жоба жетекшісі Райан Брук оларды жаңа аумақтарды қоныстандыру тұрғысынан планетадағы ең қорқынышты ірі сүтқоректілер, деп атады. Шошқалар әдеттерін өзгертіп, жаңа жағдайларға бейімделе алады. Мысалы, егер адамдар оларды белсенді түрде аулай бастаса, онда жануарлар түнгі өмір салтына ауысады және қолға түспейді. Мұндай қабілеттердің барлығын супершошқаның бойынан табылады.