Сүнниттердің "НАТО"-сына қатысты Мәскеу не дейді?
Сүнниттердің "НАТО"-сына қатысты Мәскеу не дейді?
7 жыл бұрын 2990 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ президенті Дональд Трамптың жуырда мемлекет басшысы болып сайланғалы алғашқы сапарын араб елінен бастағанын білесіздер. Осылайша, Ақ үй қожайыны сыртқы саясатта қандай бағыттарға басымдық беретінін аңғартқандай болған. Яғни, Ресейдің одақтасы Иранның күшейіп кетуіне жол бермеуді мақсат етіп отыр. Бұл өз кезегінде аймақтық держава болуға ұмтылған Сауд Арабиясына қолайлы саясат. Бұған қоса, АҚШ бастаған, Сауд Арабиясы қостаған елдер мұнай бағасын түсіріп жібергенін білесіздер. Көп ретте мұнай бағасының түсуі бюджеті шикізаттың осынау түріне тәуелді Ресейдің санкциядан шатқаяқтаған экономикасына ауыр соққы болып тиетіні сөзсіз. Айта кетейін, кезінде АҚШ КСРО-ны құлату үшін дәл осындай саясатты қолданған болатын. Ол кезде де Сауд арабиясы мұнай бағасын түсіріп, АҚШ-тың жоспарының жүзеге асуына көмектескен еді. Сол сценарий қайталануда. Сөз басында айтып кеткеніміздей, Дональд Трамптың Сауд Арабиясына сапары 40 шақты мұсылман елі басшыларының басын қосқан айтулы жиын болды. Бұрын айтылып жүргендей, арабтардың терроризм мен экстремизмге қарсы НАТО секілді әскери альянсы құрыла ма? Бұл бастаманы Ақ үй қожайыны көтергенін де естеріңізге сала кетпекпіз. Ал нақты шындығына келгенде, бұл ұйым Иранға қарсы одақ. Ресей билігінің ойы осындай. Орыс дипломаттары сүнниттік елдерден әскери одақ жасақтаудың арты неге апарып соқтыратынын сараптапты. Әлбетте, АҚШ-қа тіс қайрап жүрген орыстар артық кетуі мүмкін. Десе де олардың да ойын білгенді жөн көріп отырмыз. Сонымен, орыстардың айтуынша, сүнниттік НАТО өз кезегінде осы одақты құруға атсалысқан елдердің өзіне қауіпті. Өйткені, шиғалар тек Иранда ғана емес, сонымен бірге, сүнниттік елдердің өзінде де баршылық. Иранға қарсы жорыққа шығу ел ішіндегі дүрбелеңге жол ашуы мүмкін. Орыстар төндіріп айтты деген күннің өзінде, олардың бұл сөзінде аз да болса шындық барын мойындауымыз керек. Орыстарды былай қоя тұрайық та, америкалықтармен одақтас арабтардың өзі не дейді? Женева қаласындағы арабтардың зерттеу және талдау орталығының директоры Рияд ас-Сайдауи бұл альянсты америкалықтардың мақсаты мен мүддесін көздейтін көз алдауүшін құрылатын одақ деп есептейді. Америалықтар Иран мен Саудия және басқа араб елдері арасындағы қайшылық пен түсінбеушіліктерді пайдалана отырып, өз қаруын өткізуге күш салады. 

1 пікір
  • Арине Орыстар мен Шииттер бул одакка карсы.Ал биздин Казактарга Мусылман Суннитермен одак куру оте тиммди,ол бизге келешекте ресеймен кытайдын кол астында калмауымызга комек болады.
    7 жыл бұрын
Мұрағат