Сүндетке отырғызу жалғасын тапты
Сүндетке отырғызу жалғасын тапты
11 жыл бұрын 8927

Қырымда түрік ағайындардың ақ халатты абзал жандары балаларды жаппай сүндетке отырғызу науқанын өткізді. Алғашқы күні екі мен жеті жас аралығындағы 100-ге тарта баланы сүндетке отырғызып, ата-аналардың алғысын арқалап, Алланың алдында сауап жинады. 

Пайғамбарлар падишасының (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сүннетін дәстүрге айналдыра білген түрік дәрігерлері, міне, осымен үшінші жыл қатарынан балаларды сүндетке отырғызып келеді. Алдымен балаларға ауруды сездірмейтін укол салып, артынан лазермен сүндетке отырғызады. Түрік дәрігерлерінің сүндетке отырғызу тәсілі мен тәжірибесі осындай. Қырымда  маусым айының бесіне дейін 800 баланы сүндетке отырғызуды жоспарлап отыр. Бусра қаласынан келген Абдолла Өзкая есімді дәрігер қолы епті абзал жандардың тек Ресейде ғана емес, сонымен қатар, Белорусияда, Украинада, Монғолияда, Қазақстанда, Тәжікстанда, Өзбекстанда және Ауғанстанда балаларды сүндетке отырғызатындарын тілге тиек етті.

0 пікір
Мұрағат