Сукук нарығы 2024 жылы өсуін жалғастырады - S&P
Сукук нарығы 2024 жылы өсуін жалғастырады - S&P
4 ай бұрын 1027 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осы жылдың басынан бері сукук облигацияларын шығару қарқынының жеделдегені байқалды: көптеген мемлекеттік органдар мен жекеменшік сектор өз жоспарын жүзеге асыру үшін, дәлірегі, қажетті өтімділікті қамтамасыз ету үшін осынау ислами қаржы құралына сүйенеді. Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің таяуда жариялаған статистикалық дерегі 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында сукуктың әлемдік эмиссиясының жалпы мөлшері 91,9 миллиард долларды құрағанын көрсетіп берді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Atalayar ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. S&P өз есебінде бірінші жарты жылдықтың соңына таман шетел валютасындағы сукук эмиссиясы 23,8%-ға өсіп, 32,7 млрд долларға жеткенін хабарлады. Рейтингтік агенттіктің мәліметіне сәйкес бұл өсімге негізгінен Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Малайзия және Кувейт эмитенттері үлес қосқан. Fitch Ratings агенттігінің бұрын жарияланған мағлұматы бойынша 2023 жылы әлемдік айналымдағы сукук мөлшері шамамен 850 миллиард долларға жеткен. 2024 жылы S&P жаңа сукук шығарылымының мөлшері 160-170 миллиардқа жетеді, деп есептейді, сондықтан, бұл нарықтың жалпы көлемі 1 триллион доллардан асуы мүмкін.

Ұқсас материал:

«Шарж банкі сукукты орналастыруда елеулі іс тындырды» (https://islam.kz/kk/news/alem/sharj-banki-sukukty-ornalastyruda-eleuli-is-tyndyrdy-20454/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат