Ресей Федерациясының министрлер кабинеті кәмелет жасына толмағандарды суицидке итермелегендерге қатысты қылмыстық жазаны күшейту туралы заң жобасын қолдады. Бұл жайында INTERFAX.RU ақпарат көзі РФ үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Аталмыш заң жобасында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсайтындай жағдайға жеткізгендерді, ұдайы жәбір көрсеткендерді, адамның өз-өзін өлімге қиятындай әрекеттерді жасауы үшін қысым көрсеткендерді қылмысы үшін жауапкершілікке тарту көзделген. Бұған қоса, аталған елдің қылмыстық кодексіне суицидке итермелегендерге қатысты баптарға толықтырулар енгізу ұсынылды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды