Судан аумағында ресейлік әскери база орналастырылады
Судан аумағында ресейлік әскери база орналастырылады
2 жыл бұрын 1178 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Судан билігі ел аумағында ресейлік әскери-теңіз базасын орналастыруға ресми рұқсат берді. Тек бір шартпен: ресейлік әскерилер Суданның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірмеуі тиіс. Бұл жайында islam.kz порталы Asharq al-Awsat ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Суданның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірмесі үшін ресейлік контингент, яғни, сарбаздардың саны 300-ден аспайды, ал әскери кемелерден 4 кеме (біреуі ядролық энергетикалық қондырғысы бар) болады. Судан билігі Қызыл теңіздегі Порт-Суданда ресейлік әскери-теңіз базасын салу туралы келісімге өзгеріс енгізгісі келеді. Судандықтар айлақты пайдаланғаны үшін Ресейдің экономикалық көмегіне мүдделі, есесіне айлақты жалдау мерзімін 25 жылға созуға дайын.  Ресей тарапы Қызыл теңізде Ресей әскери-теңіз күштері үшін логистикалық орталықтың құрылысын басьауы мүмкін. Константин Сивков есімді ресейлік сарапшының айтуынша, егер Суданда ресейлік база пайда болса, бұл Ресейдің сол жерде әскери кемелер мен ұшақтардың орналасуын қамтамасыз етуге мүмкіндігі пайда болады, яғниғ іргелес аумақтар Үнді мұхиты Ресейдің ықпал ету аймағында болмақ. Бұдан бөлек, Қызыл теңізде әлемдік сауда-саттықта маңызы зор стратегиялық нысан бар: Суэц каналы. Аталған канал мысыр экономикасының туризмнен кейін ең табысты екінші кіріс көзі. Қызыл теңіз оңтүстігінде Араб теңізімен Баб-әл-Мандеб бұғазы арқылы, сонымен қатар, Аден шығанағымен жалғасады.

0 пікір
Мұрағат