Суасты кемесіне лайықталған баллистикалық зымыран сынақтан өткізілді (инфографика, видео)
|
Франция M51 суасты қайығының жаңа баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді. Оның тасымалдаушысы – Triomphant тұрпатты стратегиялық маңызы зор субмарина. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Қару-жарақ басқармасына (Direction Générale de l’Armement немесе DGA) жөн сілтеген Naval News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл қаруды француз әскерилері сәуір айының 28-і күні өткізді. Баллистикалық зымыранда Triomphant суасты кемесінен емес, елдің оңтүстік-батысында орын тепкен Франция Қарулы күштерінің зымыран полигонынан іске қосты. Зымыран Солтүстік Атлантикаға құлады. Зымыранды ядролық жарақсыз, яғни, қатаң халықаралық стандарттарға сай өткізілді. Осылайша француздар қорғаныс саласындағы жоғары технологияға негізделген қару-жарағымен әлемге айбатын танытып, қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіне қатер төндіретін ықтимал қауіптің бетін қайтара алатындай қауқарға ие екенін көрсетті. Сынақтың түпкі мақсаты мен мәні де осы болатын.
M51 — M45-ді алмастыруға арналған жаңа буынның суасты кемесінің баллистикалық зымыраны. Әр зымыран алтыдан онға дейін TN 75 термоядролық оқтұмсық алып жүре алады. 2015 жылдан бері TN 75-ті жаңа Tête nucléaire océanique (TNO) оқтұмсығымен алмастырып келеді. Ол зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін барынша тиімді жолмен бұзуға мүмкіндік беретін маневр жасай алатын болады. Ашық дерек көздеріне қарағанда, M51-дің салмағы 52 мың келі тартады, ал ұзындығы — 12,0 метр, ал диаметрі — 2,3 метр. M51 ұшу қашықтығы – 8-ден 10 мың шақырымға дейін жетеді. M51 баллистикалық зымыранының алғашқы сынағы 2006 жылы болды. 2013 жылдың мамыр айында болған алтыншы сынақта сәтсіздікке ұшыраған болатын. Ал 2015 жылдың қыркүйегіндегі, 2016 жылдың мамырындағы және 2020 ылдың шілдесіндегі сынақтан сәтті өткен.
Қосымша мәлімет:
Франция қарулы күштері Triomphant тұрпатты төрт стратегиялық субмарина бар. Triomphant — айтарлықтай ірі суасты кемесі 12640 тоннаға дейін су сыйымдылыға ие. Әр субмарина 16 баллистикалық зымыран алып жүре алады.
M51 / ©wikipedia
Triomphant / ©seaforces