Су тапшылығының зардабын қатты тартатын аймақтар
Су тапшылығының зардабын қатты тартатын аймақтар
7 жыл бұрын 4758

НАСА-ның Grace спутнигінің көмегімен алынған мәліметтерге қарағанда, жердің 19 өңірі су тапшылығының зардабын қатты тартып отыр. Ең қиын аймақтар: Орта Азия, Үндістан, Австралия, Таяу Шығыс, Қытайдың солтүстік-батысы және АҚШ-тың батыс жағалауы. Мәселен, Қытайдың Синьцзян провинциясы жауын-шашын мол түсетініне қарамастан ауызсудан таршылық көріп отыр. Ал Орта Азия елдерінде Каспий және Арал теңіздеріне құятын ірі өзендер тартылып келеді. Ирак пен Шам жері түріктер Тигр мен Ефрат өзендеріне дамба қоюына байланысты өзен суына мұқтаж. Австралия мен Үндістанның су балансы суғару арналарына байланысты бұзылған. Әлемде су тапшылығына ең алдымен адамзаттың өзі кінәлі. Сарапшылардың айтуынша, алдағы уақыттағы геосаяси жағдай осы су ресурсына байланысты ушығуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат