|
Студенттерге білім ақысын өздерінің табыс салығынан төлеуге рұқсат етеді
|
Армения билігі студенттерге білім ақысын өздерінің табыс салығынан төлеуге рұқсат етпек. Бұл жайында аталмыш ел парламентінің «Менің қадамым» деп аталатын партия атынан сайланған депутаты Мхитар Айрапетян Facebook әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында жария етті. Оның айтуынша, осы бастамаға қатысты тиісті заң жобасы парламент қарауына ұсынылады. Дәлірегі, аталмыш заң жобасын осы уақытқа дейін ғылым, білім беру, мәдениет, диаспора, жастар және спорт мәселелерімен айналысатын комиссия қараған. Депутат осылай дей келе студенттерге білім алуына жағдай жасау мақсатында әзірленген заң жобасы биылдан қалмай қабылданып, 2020—2021 оқу жылында қолданысқа енетінін жеткізді. Айта кету керек, мұндай тәжірибе әлемде тұңғыш рет жүзеге асырылып жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...