Студенттерді мәжбүрлеп төсек қатынасына тартқан оқытушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Студенттерді мәжбүрлеп төсек қатынасына тартқан оқытушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
2 жыл бұрын 1229 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Нигерия (Африка құрлығының батыс аймағындағы мемлекет) парламенті  студенттерді қандай да бір айла-шарғымен, соның ішінде, қырындап немесе қызметін асыра пайдаланып төсек қатынасына тартқан оқытушылар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған заң жобасын қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Channels TV телеарнасына жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, жаңа ереже студенттерді жыныстық қатынасқа көндірген жағдайда педагогикалық қызметкерлерді 14 жылға бас бостандығынан айыруды қарастырады. Нигерия университеттеріндегі жыныстық қудалауды болдырмауға арналған алғашқы заң жобасы осыдан бірнеше жыл бұрын, яғни, 2016 жылы Парламентке ұсынылған болатын, арада жеті жылдан кейін ғана қабылданды. Енді заң қолданысқа енуі үшін мемлекет басшысы қол қоюы керек. Нигерия – ислам елдері ұйымының мүшесі. Мұсылмандар ел халқының 53,6%-ын құрайды, 45,9%-ы христиандар, 6%-ға жуығы өзге діни наным-сенім өкілдері.

0 пікір
Мұрағат