Студенттер аптасына жынысына қарай бөлініп оқиды
Студенттер аптасына жынысына қарай бөлініп оқиды
3 жыл бұрын 1590 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Shutterstock

Ауған билігіндегі тәліптер радикалды қозғалысы (БҰҰ қарарымен террористік ұйым ретінде танылған, әлемнің көптеген елінде және Қазақстанда насихаты мен қызметіне тыйым салынған – ред.) жоғары оқу орнына білім алып жүрген студенттерді аптасына жынысына қарай бөліп оқыту туралы шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы Ariana News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ауғанстан ислам әмірлігінің (қазіргі ресми атауы – ред.) жоғары білім беру министрлігі ауған студенттеріне университетте білім алу кестесін ұсынды. Мәселен, ер студенттер де, әйел студенттер де аптасына тек үш күн білім ала алады. Мәлімдеме айтылғандай, студент қыздар дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері, ал ер студенттер бейсенбі, дүйсенбі және жексенбі күндері білім ала алады.

0 пікір
Мұрағат