Starbucks франшизасы мұсылман елдерінде жаппай қысқарту жүргізеді
Starbucks франшизасы мұсылман елдерінде жаппай қысқарту жүргізеді
9 ай бұрын 769 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Starbucks бренді Таяу шығыс пен Африканың солтүстігінде, яғни, мұсылмандар шоғырланған аймақтардағы қызметкерлерін жаппай қысқартпақ. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Alshaya Group компаниясының мәлімдемесіне жөн сілтеген Anadolu Ajansı ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш брендтің мұсылман елдерінде қысқарту саясатына Таяу Шығыстағы ахуал, дәлірегі, мұсылмандардың Израилдің саясаты мен бойкоты себеп болып отыр. Штаб-пәтері Сиэтлде орналасқан Starbucks кофе желісінің Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы 11 елде 1900-ден астам дүкені бар, оларда 19 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Наразылықтар мен бойкоттар аталған компанияның балансына айтарлықтай кері әсер еткен. Америкалық Starbucks кофе желісі McDonald's, Pizza Hut, KFC, Domino's, Unilever және Nestle сияқты наразылықтар мен бойкот науқандарына тап болған батыс брендтерінің бірі. Компанияның осынау мәлімдемесінен кейін Starbucks басшылары Газа секторындағы соғыстың тұтынушылар легі мен аймақтағы дүкендердегі сауда-саттыққа айтарлықтай әсер еткенін алға тартқан.

0 пікір
Мұрағат