Стамбұл каналына тендер жарияланады
Стамбұл каналына тендер жарияланады
5 жыл бұрын 2034 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркия тарихындағы ең ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады. Аталмыш ел президенті Режеп Тайып Ердоған оның құрылысына қатысты тендер жарияланғанын мәлім етті. Түріктердің Anadolu ақпарат агенттігі таратқан хабар мен келтірген дерегіне қарағанда, бұл канал арқылы жылына 85 мың кеме Мәрмәр теңізінен Қара теңізге өте алады. Канал құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр. 10 млрд долларға бағаланған аталмыш инфрақұрылымдық жоба Қара теңіз бен Мәрмәр теңізін жалғап жатқан кәрі құрлық пен Азия арасындағы Босфор бұғазына параллел қазылады. Ұзындығы шамамен 50 шақырымды құрайтын бұл каналға Монтре конвециясында қарастырылған талап жүремейтін болады. Яғни, бұл канал арқылы әр өткен кемеден 250 мың доллар ақы алынады. Бұл жоба тек экономикалық тиімділігімен ғана емес, сонымен қатар, стратегиялық маңызы зор Қара теңіздегі ірі державалар арасындағы геосаяси тайталаста Түркияның бәсін жоғарылататын жоба болғалы тұр.

0 пікір
Мұрағат