Спортқа арналған шариғат шәлісін ойлап тапты
|
Тай боксы бойынша чемпион Руксана Бегім (британиялық) адам басына қолайлы әрі ауа өткізетін шариғат шәлісін ойлап тапты. Оған мұндай идея Азия ойындары кезінде басындағы шариғат шәлісінің қолайсыздығын сезінгеннен кейін келген болатын. 31 жастағы боксшы әйел өзінің бұл шариғат шәлісін міндетті түрде спорттық жарыстар кезінде қолдансын деп отырған жоқ. Дене шынықтыру сабағында мұсылман оқушыларының да пайдалануына болатынын жеткізді. Мектепте аптасына екі рет сабақ беретін ол шариғат шәлісін жамылып келген оқушылардың өзін жайсыз сезінетінін, кейде олардың басындағы жаулықтың сабақ кезінде шешіліп қалатынын көрген соң да осындай шариғат шәлісінің керектігіне көз жеткізген еді. Айта кету керек, оның бұл шариғат шәлісін Спорт жөніндегі мұсылмандар кеңесі мақұлдаған болатын. Көп ұзамай саудаға шығарылады.