Сөз арасында: Сауда соғысындағы АҚШ-тың осал тұсы...
Сөз арасында: Сауда соғысындағы АҚШ-тың осал тұсы...
6 жыл бұрын 2808 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан жарты ай бұрын: "АҚШ-қа экспортталатын 524 млрд доллардың тауары мен қызметінің бәріне баж салығын арттырмақ. Ал АҚШ-тың Қытайға жыл сайынғы экспорттайтын тауарлары мен қызмет түрлері 188 млрд доллардан аспайды. Тариф жөнінде сөз қозғаған кезде Қытайдың осал тұсы - аталған елге экспорты импортынан басым түсіп жатқанын айта кету керек" деп жазған екенбіз. Бұл тақырыпқа қайта айналып соғуымызға сауда соғысының қарқын алып бара жатқаны әрі бұл соғыстан екі тараптың да ұтпайтыны айтылып жүр. Сарапшылардың бұл сөзінің жаны бар, Қытайдың арзан тауарлары АҚШ азаматтарының әл-ауқатын арттырып отыр. Нақты санға шаққанда, 2015 жылы әрбір америкалық тұрғын қытайдың арзан тауарларын тұтыну арқылы орташа есеппен алғанда 7540 доллар үнемдеген екен. Яғни, осыншалықты олқылықтың орнын толтыруы тиіс. АҚШ билігі. Ол үшін белгілі бір шығынды қажет ететін қосымша, тіпті, айтар едік, басы артық экономикалық шараларды қолға алуы тиіс. Бұдан екі тарап та ұтпайды. Мағынасыз соғыс. Бір айта кетерлігі, бұл сауда соғысының саяси астары бар: ол - әлемде күннен күнге ықпалы артып келе жатқан Қытайды жасқап қоюға саяды. Басқа түк те емес. Тағы бір айта кететін жайт: АҚШ билігі Қытайдан экспортталатын тауарлардың барлығына баж салығын арттырса, Қытайдың жалпы ішкі өнімі 0,7%-ға кемиді. Бұл Қытай экономикасына соншалықты соққы бола қоймайды. 

0 пікір
Мұрағат