Сот «елдің көзінше» сүйіскен екі блогерді үйленуге міндеттеді
Сот «елдің көзінше» сүйіскен екі блогерді үйленуге міндеттеді
1 ай бұрын 880 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Нигерияның солтүстігінде орын тепкен ірі Кано қаласының соты TikTok әлеуметтік желісінің екі танымал жұлдызын бір-біріне үйленуге пәрмен берді. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өйткені, олар сүйіскен видеоларын әлемжеліге жариялаған... Дүйсенбі күні жергілікті бітімгерлік соты Хисбах деген атпен танымал Каноның шариғат полициясына «әдепсіз» немесе анайы контент жариялаған екі блогердің некесін 60 күннің ішінде қию турасында үкім шығарды. Әдепсіз әрекеттеріне осындай жаза тағайындалды. Кано штаты Нигериядағы мұсылмандар көп шоғырланған аймақ. Осыған байланысты бұл өлкеде зайырлы мемлекетке тән құқық жүйесі ғана жұмыс істемейді, сонымен қатар, шариғат талаптары қолданылады. TikTok-та Ыдырыс Май Бушир және Басыр Жар Гуд есімді танымал блогерлердің анайы видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығына ұшыраған еді. Ыдырыс Май Бушир осы видео үшін билікпен жанжалдаса берген соң оның қолына кісен салынып, қамауға алынды. Ал Басыр Жар Гуд әзірге бой тасалап жүр. Хисбах өкілі олардың некесін қидыруға дайындалып жатқандарын мәлімдеді. Сот шешімі бойынша олар екі айдан кешіктірмей үйленуі тиіс, алайда, олар бұл мерзімді созбай ертерек үйленбек. Кано жергілікті «Каннивуд» деп аталатын киноиндустрияның үйі; айына 200-ден астам фильмді хауса тілінде түсіреді және нигериялық «Нолливуд» киноэкожүйесінің құрамына кіреді.Каннивуд ұзақ уақыт бойы мұсылман діни жетекшілері мен мемлекеттік мекемелердің қатаң бақылауында болып келді. Соған қарамастан Каннивуд ойыншыларының әлеуметтік желілерде түрлі қойылымдар ұйымдастыруын көбейткендіктен, цензура кеңесі өзінің өкілеттігін әлеуметтік желілерге таратуға мәжбүр болып отыр. Соңғы жылдары шариғат талаптарын бұзған бірнеше ТикТок жұлдызы тұтқындалды.

0 пікір
Мұрағат