Сот адамның жүзін тану жүйесін пайдалануды заңсыз деп тапты
Сот адамның жүзін тану жүйесін пайдалануды заңсыз деп тапты
4 жыл бұрын 2936 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Эда Бриджес есімді Ұлыбритания тұрғынының кескін-келбеті бір емес, екі мәрте автоматты адам жүзін тану жүйесінің (AFR) көмегімен таспаға тартылып қалған. Ол осыған байланысты тиісті орындарға шағымданған екен. Оітүстік Уэльс полициясының AFR технологиясын пайдалануы заңсыз деп танылды. Тиісті шағымды зардап шегуші Эда Бриджес пен Liberty азаматтық құқық тобы берген. Бұл жайында ағылшын тілінде хабар тарататын BBC ақпарат көзі мәлім етті. Оңтүстік Уэльс полициясы AFR Locate технологиясын кімге қолдану әрі кімдерді қадағалау керектігі турасында нақты нұсқаудың жоғын алға тартып ақталмақ болды. Бұдан бөлек, деректерді қорғауға полицияның бұл әрекетінің қаншалықты залал келтіргені де белгісіз. Аталмыш технологияның қолданылуына жауапты тұлғалар мен құзырлы орындар адам құқығына қатысты аспектісіне мән бермеген. Эда Бриджестің бейнесін 2017 жылы Кардифте сауда жасағанда және 2018 жылы  Motorpoint қалалық арена маңында өткен қару-жараққа қарсы наразылық акциясы кезінде сканерлеуден өткізген екен. Өзінің келісімінсіз аталмыш технологияның көмегімен сыртынан бақылап, құқығын бұзған. Liberty адвокаты Меган Гулдинг аталмыш технологияның адам құқығына қол сұғатын қауіптілігін тілге тиек етіп, ел билігін осы мәселенің заңнамалық тетіктерін реттеуге шақырды. Аталмыш технология қалың тобыр арасында адамдардың бет-бейнесін іздеуде жүрген немесе хабар-ошарсыз кеткен, я болмаса күдік тудырған тұлғалардың кескін-келбетімен салыстырып қадағалп отырады. Оңтүстік Уэльс полициясы бұл жүйені 2017 жылдан бері қолданып келеді. Десе де сот Эда Бриджестің пайдасына үкім шығарғанымен аталмыш технологияның қолданылуына тыйым сала алмады. Өйткені, бұл  ең алдымен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған технология.

0 пікір
Мұрағат