Сорос әлемдік қаржы дағдарысының себептері мен шығу жолдарын атады
Сорос әлемдік қаржы дағдарысының себептері мен шығу жолдарын атады
6 жыл бұрын 3470 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі миллиардер Джордж Сорос Париж қаласында әлемге төніп келе жатқан алдағы дағдарыс жайында өз ойын былай сабақтады: әлем доллар бағамының нығаюына және дамушы нарықтан капиталдың жылыстауына байланысты ғаламды қамтитын қаржы дағдарысы орын алуы ықтимал. Бұл туралы Bloomberg ақпарат агенттігі хабар таратты. Сондай-ақ, миллиардер қаржы дағдарысы ең алдымен Еуропа одағына мүше елдерге қатты тиетінін де жеткізді. Оның ойынша, әлемдік қаржы дағдарысына АҚШ-тың Иран ядролық келісімінен шығуы, ЕО мен АҚШ арасындағы трансатлантикалық ынтымақтастықтың әлсіреуі ең алдымен еуропалық экономикаға теріс әсерін тигізіп, артынан өзге елдерді қамтиды. Осылай дей келе ол кәрі құрлықтағы миграциялық дағдарыс пен Ұлыбританияның аймақтағы интеграциядан қол үзуін де әлемдік дағдарыстың себептеріне жатқазған екен. Тікелей болмаса да жанама себептер есебінде. Ол ықтимал әлемдік қаржы дағдарысын "экзистенциалды қатер" деп атады. Миллиардер, сонымен қатар, әлемдік қаржы дағдарысының тек себептерін ғана тізбелеп қоймай, одан шығар жолды да нұсқағандай болды: Еуропадағы мигранттар қарасын азайтуға, ЕО мүше болған елдерге ортақ валютаға өтуге міндеттейтін саясаттан бас тартуға шақырды. 

0 пікір
Мұрағат