"Соқыр сенімнің" жетегінде кеткен құқық қорғаушы 3 жылға бас бостандығынан айырылды
"Соқыр сенімнің" жетегінде кеткен құқық қорғаушы 3 жылға бас бостандығынан айырылды
5 жыл бұрын 2145 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаман әдет жұққыш келеді. Батыстың қаңсығын таңсық көретін елдер көп жағдайда көзжұмбайлыққа салынып, көзсіз көшіріп алуға әуес. Оның ағы мен қарасын айырып жатпастан. Адам өлтіруді де гуманистік шаралардың қатарына жатқызған батыс елдерінің "эвтаназия" деген атпен белгілі ұғымы әлемге індет секілді тарап барады. Дінде тыйым салынған бір жыныстылардың қатынасын, эвтаназияны гуманизмді желеу етіп заңдастырған батыс елдерінің аурудан азап шеккен адамның жанын өз еркімен қию тәжірибесін қолдаған оңтүстік африкалық белсенді үш жылға бас бостандығынан айырылды. Батыс Кейпа сотының үкімімен. Ол жазасын үй қамағында өтейді. Ол өз-өзіне қол жұмсамақ болған үш адамға көмектескені үшін айыпталып отыр. Бұл жайында ВВС Africa телеарнасы хабар таратты. Аталмыш ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, эвтаназияны қолдап, қолданысқа енгізу үшін алашапқын болып жүрген Шон Дэвидсон 2018 жылдың қыркүйек айында тұтқындалған болған. 2013 жылы суицид жасап бақилық болған досының өліміне кінәлі деп танылды. Жаңа Зеландияда туып-өскен, DignitySA ұйымын құрған Шон Дэвидсон сот-медицина сарапшысы болып қызмет атқарған. 2010 жылы Жаңа Зеландияда да оның қолына осындай айыппен кісен салынған болатын. Алланың ақ ажалын күтпей, обыр дертінен азап тартқандықтан көз жұмғысы келген 85 жастағы анасының өмірден озуына көмектескені үшін. Сол кезде жасы 57-дегі Шон Дэвидсон Жаңа Зеландияда 5 ай үй қамағына алынған еді. 

0 пікір
Мұрағат