Соңғы жылдары жер беті күрт жылынып келеді
|
2014 жылы жер бетінде ең жоғары жылынудың күрт өскені байқалды. Бұл жағдай өз кезегінде жер бетіндегі зіл-заланың артуына әкеліп соқпақ. Бұл туралы NOAA зерттеуін негізге ала отырып NASA орталығы мәлімдеп отыр.
Агенттіктің жазуынша 1880 жылдан бергі зерттеулермен салыстырғанда жер бетіндегі температураның күрт жылынуы 2014 жылы ең жоғарғы шекке жеткен.
Зерттеуде айтылғандай ғаламдық жылыну әртүрлі бағыттағы климаттық өзгерістер себебінен болып отыр. Мәселен, күннің суығы қыс мезгілінде АҚШ-тың батыс жағалауының орталық бөлігінде жаз орнаған. Сондай-ақ Арктикада соңғы 25 жыл бойы қалыпты температураның төмендеп келе жатқаны аңғарылған. Ғалымдардың айтуынша ғаламдық жылынудың негізгі себебі атмосферадағы көмірқышқыл газы концентрациясының мөлшерден тыс артуы. 2013 жылы атмосферадағы газ құрамының артуы осыған дейінгі рекордтық көрсеткішке ие болған еді.
Осы саладағы эксперттердің болжауынша 2100 жылы температура 4 градусқа дейін көтерілмек. Әрі жер бетінде қатты қуаңшылық, топан су мен дауыл болмақ. Жағдайды өзгерту де адамдардың өз қолында болып отыр дейді олар. Ол үшін 2050 жылға дейін парникті газ мөлшерін 2010 жылмен салыстырғанда 40-70 %-ға дейін азайтуды ұсынады.