|
Соңғы бес айдың ішінде "Боко харам" 400-ге тарта адамды жер жастандырған
|
Африка құрлығындағы "Боко харам" лаңкестік топ содырларының қолынан 400-ге тарта адам қаза тапқан. Нақтырақ айтқанда, аталған топ мүшлері Нигерия мен Камерунның 381 азаматын өлтірген. Соңғы бес айдың ішінде. Бұл өткен 2016 жылдың соңындағы көрсеткіштен екі есе көп. Бұл жайында Франс Пресс ақпарат агенттігі хабар таратты. Бір ғана Нигерияның өзінде сәуір айынан бері 223 адамды қырып салған, олардың жартысын тамызда өлтірген. Атмыз айтында аса ірі екі теракті болып (аталған террористік топтың қолымен), Нигерияда 30-дан аса адам опат болып еді. Айта кетейік, "Боко харам" лаңкестік тобы батыстық өмір салтына қарсы шыққан топ. Оның ішінде, зайырлы білім беру жүйесін құптамайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)