Соңғы 5 жылда әлемдік қару-жарақ саудасы 8%-ға өскен...
|
2014-2018 жылдар аралығында халықаралық қару-жарақ саудасы 7,8%-ға артқан – 2009-2013 жылдарға қарағанда. Бұл жайында Стокголм әлем проблемаларын зерттеу инстиуты мәлім етті. Қару-жарақ саудасы бойынша АҚШ көш бастаған. Одан кейінгі орынға Ресей Федерациясы, Германия федеративті республикасы, Қытай халық республикасы жайғасқан. Қару-жарақ саудасы бойынша алдыңғы орыннан көрінген бестіктің соңын Франция тұйықтаған. Ал қару-жарақтың ең ірі экспорттаушы елдер арасында Саудия бірінші орынға табан тіреген. Одан кейінгі орында Үндістан тұр. Мысыр, Австралия және Алжир тұр. АҚШ соңғы бес жыл ішінде қару-жарақты сатуды 29%-ға арттырған. Әлемнің 98 елі америкалық қару-жарақты сатып алады. Әлемдік қару-жарақ саудасындағы үлесі 36%-ды құраған. Германия қару-жарақ экспортын 13%-ға ұлғайтқан, оның әлемдік қару-жарақ саудасындағы үлесі 6,1%-дан 6,4%-ға өскен. Соңғы бес жыл ішінде. Немістердің ең көп сатылатын қаруы – суасты кемесі. Негізгі тұтынушылары: Оңтүстік Корея (19%), Грекия (10%) және Израиль (8,3%).
Сөз жоқ, әлемдік қару-жарақ саудасы қарқын алып келеді, жылдан жылға. Соған орай қарулы қақтығыстар да жиілеп, оқтан опат болғандар қарасы артып келеді. Өкінішке қарай. UCDP, Uppsala Conflict Data Program келтірген дерекке қарағанда, 2011-2017 жылдар аралығында қарулы қақтығыстан жылына орташа есеппен әлем бойынша 97 мың адам мерт болған. Бұл аталған мерзімнің алдындағы осынша кезеңдегі көрсеткіштен үш есе көп.
Әлемдік қару-жарақ экспортынан АҚШ пен оның одақтастары ғана пайда көріп отыр. Сарапшылардың айтуынша, қару-жарақ экспорты - халықаралық аренадаға державалардың ықпалы мен беделін анықтап беретін көрсеткіш. Әлемдік қару-жарақ саудасында Ресейдің бәсі түсіп кеткенін аңғарасыз. Әлем бойынша қару-жарақты ең көп импорттайтын аймаққа түрлі саяси жанжалдар мен қарулы қақтығыстардан тынышы қашқан Таяу Шығыс аймағы жатқызылып жүр. Соңғы бес жылда аталмыш аймаққа тасымалданған қару тасқыны 87%-ға бір-ақ ұлғайған. Бұл аймақтағы АҚШ қару-жарақ экспортының үлесі 52 пайызға жеткен. Ресей де аталған аймақта әскери белсенділігін арттырғанымен қару-жарағын өткізе алмады. керісінше аталған аймақтағы елдер Ресей қаруынан гөрі батыс елдерінің қаруына басымдық беріп отыр. Мәселен, АҚШ 2018 жылы қару-жарақ саудасы бойынша 55,6 млрд долларға бағаланған келісім-шартқа отырған. Бұл 2017 жылдағыға қарағанда 33%-ға көп. Бұған қазіргі Ақүй қожайыны Дональд Трамптың қару-жарақ экспортын ырықтандыру саясатының нәтижесінде қол жеткізгенін айта кету керек. SIPRI мәліметі бойынша 2014-2018жылдар аралығында АҚШ-тың қару-жарақ экспорты ресейлік экспортпен салыстырғанда 75%-ға артық. Яғни, арасындағы жер мен көктей айырмашылық пен алшақтық бірден көзге ұрып тұр. АҚШ-тың басында айтып өткеніміздей, қаруын тұтынатын елдер Саудия мен Катар. Ал Ресейге келсек, аталған мерзімде Таяу Шығыс елдеріне экспорттаған қаруы 16%-дан аспады. Ресейлік қару-жарақты негізінен Мысыр мен Ирак сатып алады. Үндістан да ресейлік қару тұтынушысы болғанымен соңғы жылдары Үндістан билігі қару-жарақ импортын әртараптандыру бағытына ден қойғандықтан, бір ғана Ресеймен шектеліп қалмай АҚШ-тан да алдыратын болған.