Соңғы 20 жылдағы табиғи апаттан опат болғандар саны белгілі болды
Соңғы 20 жылдағы табиғи апаттан опат болғандар саны белгілі болды
6 жыл бұрын 9789 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлем бойынша соңғы 20 жыл ішінде болған табиғи апаттардан, соның ішінде, аптап ыстықтан, сел мен тасқын судан, құрғақшылықтан, алапат құйыннан, зілзаладан, дауылдан, т.б. опат болғандар саны 1,3 млн адамға жеткен. Сондай-ақ, стихиялық апаттан келген шығын 2,9 трлн долларды құраған. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының табиғи апаттардың қатерін азайтуға жауапты басқармасының кеше, яғни, сәрсенбіде жариялаған баяндамасында айтылған. Аталмыш басқарма келтірген дерекке қарағанда, 1998-2017 жылдар аралығында стихиялы апаттан әлемдік нарық шығыны 251%-ға артқан. Катаклизмге ұшыраған елдер двух триллион 908 миллиард доллар шығын көрген. Бұл шығынның 77%-ы ауа райының шектен тыс қолайсыздығымен байланысты орын алған. Табиғи апаттардан ең көп шығын шеккен елдер арасында АҚШ көш бастап тұр - 944,8 миллиард доллар. Одан кейінгі орында Қытай тұр - 492,2 миллиард доллар. Үшінші орынға Жапония табан тіреген - 376,3 миллиард долар, ал төртінші орыннан Үндістан көрінген - 79,5 миллиард доллар. Ал еуропалық елдерге келсек, Франция - 48,3 миллиард, Германия - 57,9 миллиард, Италия - 56,6 миллиард долар. Соңғы 20 жылда әлемде 7255 аса ірі табиғи апат болған. Олардың дені сел мен су тасқыны және дауыл. Аталған мерзімде 1,3 млн адам опат болған екен, қаза тапқандардың жартысы - зілзаладан мерт болған. Бұдан бөлек, 4,4 млрд адам табиғи апаттарға байланысты жарақат алып, үй-жайынан айырылған, босқын атанған. Таяуда ғана Индонезияда орын алған жер сілкінісінің ауыр зардаптары мен салдары әлі жойылған жоқ. Осының өзі адамзаттың әлі күнге табиғи апаттар алдында дәрменсіз екенін көрсетіп берді. Кез келген табиғи апатқа дайын болу, сақтану шаралары жөнді жолға қойылмаған. Табиғи апаттар, сонымен қатар, әлемдегі кедейлікті жою секілді аса маңызды әлеуметтік жобалардың жүзеге асуына кедергі келтіруде. Осыған байланысты кез келген мемлекет табиғи апаттардың қатерін азайту бағытында инвестиция тарту, т.б. шараларды қолға алуы тиіс. 

0 пікір
Мұрағат