Соңғы 20 жыл ішінде кісі өлімі рекордтық көрсеткішке жетті
Соңғы 20 жыл ішінде кісі өлімі рекордтық көрсеткішке жетті
8 жыл бұрын 3239 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ағымдағы жылдың мамары айында Мексикада кісі қолынан қаза тапқандар саны соңғы жиырма жыл ішінде рекордтық көрсеткішке жеткен. Нақтырақ айтқанда, қылмыскерлер қолынан қаза тапқандардың нақты саны 2,2 мыңға тарта адамды құраған. Аталмыш мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздігінің ұлттық жүйесінің атқарушы хатшылығы келтірген мәліметке қарағанда, осыдан жиырма жыл бұрын, дәлірегі, 2011 жылы қылмыскерлер қолынан қаза тапқандар саны 2 мыңнан асып жығылған болатын. Сол кездегі билік тізгінін ұстаған ел президенті Фелип Кальдеронның айтуынша, кісі өлімі көбіне есірткі мафиясымен арадағы қарулы қақтығыс кезінде орын алған. Осыдан кейін кісі өлімі саябырсыған еді. Алайда, қылмыскерлердің қолынан қаза тапқандар саны 2015 жылдан бері артып келеді. 2017 жылдың бас кезінде Мексикада 9,9 мың адам кісі қолынан ажал құшқан екен. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 30%-ға көп. 

0 пікір
Мұрағат