Соңғы 15 жылда ЖИТС салдарынан қаза тапқан жасөспірімдердің саны үш есеге артты
Соңғы 15 жылда ЖИТС салдарынан қаза тапқан жасөспірімдердің саны үш есеге артты
8 жыл бұрын 2445 ҚазАқпарат

Ғаламторда БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) баяндамасы жарияланды. Онда соңғы 15 жылда  ЖИТС (СПИД) салдарынан қаза тапқан жасөспірімдердің саны үш есеге артқаны жазылған.

Баяндамада өлімнің басым бөлігі тұрғындар өмір деңгейінің көрсеткіші төмен Африка елдерінде орын алатыны көрсетілген.

2014 жылы аталған індет салдарынан он бес жасқа дейінгі  150 000 жеткіншек қаза тапты. Олардың 90 пайызы Африка елдерінде тұрған. Ғалымдар континенттің бұл аумағында АИТВ (ВИЧ) және ЖИТС салдарынан шамамен 130 000 бала, ал Еуропа аумағында мыңға жуық жасөспірім ажал құшқанын айтты.

Статистика көрсеткендей, планетада ВИЧ жұқтырған 15 жастан үлкен 17,4 миллион нәзік жанды өмір сүреді. Олардың бір жарым миллионы 2014 жылы жүкті болған. Ауруды бұл сәбилердің барлығы жұқтырған жоқ. Африкада туған балалардың 88% АИТВ-инфекциясымен дүниеге келген.

0 пікір
Мұрағат