Соңғы 10жыл ішінде қай елдердің ықпалы артқан
Соңғы 10жыл ішінде қай елдердің ықпалы артқан
6 жыл бұрын 3016 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Cоңғы 10 жыл ішінде әлемнің әр түкпірінде ықпал етуден көш бастаған Қытайдың мұндай жетістікке жетуіне ең алдымен экономикалық дамуы себеп болған. Әлемнің 25 елінің тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, Қытайдың ықпалының артуын респонденттердің 70 пайыздан астамы растаған. Бұл жайында Pew зертьеу орталығы мәлім етті. Аталмыш рейтинг бойынша әлемде ықпалы артқан жеті ел көрсетілген: 

1. Қытай (70%-дан асады):

2. Ресей (42%)

3. Германия (35%)

4. АҚШ (31%)

5. Үндістан (27%)

6. Франция (22%)

7. Ұлыбритания (21%).

Ал аталған мемлекеттердің, дәлірегі, державалардың ықпал ету аймағына келсек, Қытайдың әлемнің барлық аймағында белсенділігі жоғарылаған. Ресейдің Грекияда, Израилде, Тунисте ықпалы артқан. Германияның ықпалы Еуропалық одақ елдерімен шектелген. Яғни, Германия ықпал ету жағынан Ұлыбританияны артқа тастаған. Бұрын кәрі құрлықта Ұлыбританияның ықпалы жоғары болатын. Осыдан он жыл бұрын Қытайдың ықпалы бұл рейтингте ең соңында тұрған еді - 8 пайызбен. Аталған сауалнамаға Канада, Мексика, Бразилия, Аргентина, Германия, Швеция, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Испания, Тунис, Италия, Грекия, Израил, Полша, Венгрия, Нигерия, Кения, ОАР, Жапония, Оңтүстік Корея, Филиппин, Индонезия және Австралия азаматтары тартылған. 

0 пікір
Мұрағат