Соңғы 10 жылда ең көп алтын жинаған елдер белгілі болды
Соңғы 10 жылда ең көп алтын жинаған елдер белгілі болды
4 ай бұрын 778 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметі бойынша соңғы онжылдықта (2013−2023)  әлемде алтын қорын тек Ресей Федерациясы мен Қытай халық республикасы ғана ұлғайтқан. Бұл жайында islam.kz порталы Visual Capitalist мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы кезеңде Ресей өз қорын 1035 тоннадан 2333 тоннаға, ал Қытай 1054 тоннадан 2235 тоннаға дейін арттырған. Ал алтын қорын 116 тоннадан 540 тоннаға дейін арттырған Түркия үшінші орынға иек артқан. Сарапшылар алтынға деген сұраныстың артуын геосаяси шиеленістің ушығуымен, санкциялардың күшеюімен және әлемдік валютадан, дәлірегі, доллардан бас тарту туралы бастамалармен байланыстырады. Орталық банктер алтынды қауіпсіз, өтімді актив ретінде қарастырады. Басқа елдердің алтынды көптеп сатып алуына қарамастан Америка құрама штаттары әлі де 8 133 тоннамен әлемдегі алтын қорының ең үлкен иесі болып қала береді. Америка алтынының жартысы Кентуккидегі Форт-Нокста сақтаулы. Жалпы алтын қоры бойынша Германия 3351 тоннамен екінші орынға, Италия 2452 тоннамен үшінші орынға табан тіреген. Ресей мен Қытай тиісінше бесінші және алтыншы орындарды місе тұтқан. Бұған дейін бүкіл әлемнің орталық банктері өз резервтерін әртараптандыру саясатына көшкені, соның ішінде доллар мен юанның үлесін азайтып, алтынға басымдық бере бастағаны хабарланған болатын. 

0 пікір
Мұрағат