Солтүстік Кореяда ата-аналар балаларының атын өзгертуге мәжбүр
Солтүстік Кореяда ата-аналар балаларының атын өзгертуге мәжбүр
2 жыл бұрын 1063 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұрын солтүстік кореялықтар балаларына Чунг Сим (адалдық), Чонг Ил (тапанша), Пок Ил (бомба) немесе Уи Сонг (спутник) сияқты идеологиялық немесе, тіпті, милитаристік мағынаға ие патриоттық есімдерді беруді әдетке айналдырған. Бұл жайында islam.kz порталы Radio Free Asia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дегенмен, соңғы жылдары ел сыртқы әлемге ашық бола бастағандықтан, КХДР балаларына Ах Ри (сүйіктім) және Су Ми (супер сұлулық) сияқты айтылуы да, естілуі де жеңіл, жұмсақ әрі баланың тұлғалық қасиетін дамытатын есімдер бере бастады. Қатты дауыссыз дыбыстармен аяқталатын есімдердің орнына балаларға Оңтүстік Кореядағы балаларға қойылатын есімдер сияқты жұмсақ дауысты дыбыстармен аяқталатын атаулар берілуде. Алайда, соңғы кездері Солтүстік Корея билігі бұл үрдісті шектеп, балалардың есімдері жеткілікті «революциялық» болмаса, оларды идеологиялық атауларға ауыстыруды талап ете бастады. «Өткен айдан бері тұрғындар жиналысында ... соңында дауыссыз дыбыссыз барлық атауларды түзету туралы ескертулер үнемі айтылатын болып жүр. Соңғы дауыссыз есімдері бар адамдар революциялық стандарттарға сай болу үшін жыл соңына дейін өз есімдеріне саяси мағына қосуы керек», деп айтылған хабарда. Кездесулерде және жария мәлімдемелерде мемлкеттің идеологиялық қызметкерлері ересектер мен балаларға тым жұмсақ немесе қарапайым болып көрінсе, есімдерін өзгертуге нұсқау беруге дейін барды, ал соңғы дауыссыз есімдер социализмнің қағидасына қайша деп танылуда. Ол ол ма, үкімет саяси маңызы бар есімдерді қолданбайтындарға айыппұл саламыз деп қатаң талап қойған. Атап айтқанда, атаулар Солтүстік Корея «декадентті Батыс Янки мәдениетінің көшірмесі» деп атайтын Оңтүстік Кореядағы үрдістерді көрсетпеуі керек.

0 пікір
Мұрағат