Соғыстан шаршаған халықтың жандалбасалаған тірлігі
Соғыстан шаршаған халықтың жандалбасалаған тірлігі
8 жыл бұрын 4155 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Талай жылға созылса да соңы көрінбейтін соғыстан титықтаған ауғандар сасқан үйрек артымен сүңгидінің керін келтіріп, міне, бірнеше айдың жүзі болды, Гаагадағы халықаралық қылмыстық сотқа жаппай шағым түсіріп жатыр. Жүздеген немесе мыңдаған адам емес, миллиондаған ауғандық, дәлірегі, 1,17 миллион адам әскери операциялардың құрбаны болғанын айтып, арыз жолдаған. Қолдан келер басқа қайраны жоқ ауғандардың бұл әрекеті бірыңғайда күйіктен күлген адамның дәрменсіз қылығына да ұқсап кетеді. Ауғандық құқық қорғаушылар да ауған жерінде жүріп жатқан ұрыс қимылдарынан миллиондаған адамның зардап шеккенін растап отыр. Біреу ет жақынынан көз жазып қалған, енді біреуі жараланған, тағы біреуі әуе соққысынан баспанасынын айырылған, т.б. әскерилердің қылмысынан зардап шеккендер қарасы миллиондап саналады. Ауған құқық қорғаушылары келтірген дерекке қарағанда, бір ғана 2017 жылы қарулы қақтығыстан 34 мыңнан аса ауғандық опат болған, 7 мыңнан аса адам жарақат алған. Бір өкініштісі, опат болғандар арасында әйелдер де, балалар да, қарттар да бар. Яғни, бейбіт тұрғындар қарасы көп. Олардың өліміне тек тәліптер қозғалысы ғана емес, сонымен қатар, АҚШ бастаған коалиция күштері де кінәлі.

0 пікір
Мұрағат