Соғыссыз-ақ оттың ортасында қалайын деп тұрған ел...
Соғыссыз-ақ оттың ортасында қалайын деп тұрған ел...
7 жыл бұрын 5334 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемнің саяси картасына қарасаңыз, экваторлық белдеу мен экваторлық белдеуге жақын орналасқан елдердің дені мұсылман мемлекеттері, асыра бейнелеп айтқанда, кей мемлекеттердің тұтас аумағынан қылтанақ таппайсыз, жәндік екеш жәндіктердің өзі байқап-байқап жортатын шөл және шөлейт, былайша айтқанда, тіршілікке қолайсыз аймақтарда орналасқан. Сол себепті, жаһандық жылынудан, су тапшылығынан, құрғақшылықтан ең алдымен зардап шегетін елдердің көбісі мұсылман мемлекеттері. Сондай мемлекеттердің бірі - Иордания. Жақын болашақта, мамандардың айтуынша, бірқатар фактордан Иордания су тапшылығын қатты сезінетін болады. Нақтырақ айтқанда, Иорданияның ауыл шаруашылығы су тапшылығынан түбегейлі жойылуы мүмкін. Әсіресе, соғыстан кейінгі Сирияны қалпына келтіру кезінде. Яғни, Сириядағы өмір жанданатын болса, суды тұтыну деңгейінің өсуіне байланысты су тапшылығын алдымен көрші жатқан Иордания сезетін болады. Әсіресе, ауыз су тапшылығын. Онсыз да қадым заманнан су тапшы бұл өңірде жауын-шашын жаһандық жылынудан күрт азайып, өзен ресурстары таусылады, былайша айтқанда, өзен тартылып, табаны көрінеді. Аталған аймақта Цельсия бойынша орташа температура 4,5 градусқа көтеріледі. 

 

0 пікір
Мұрағат