Содырлардың қолынан өлген әйелдерге қарағанда, АҚШ, Ресей, Сирия әскерінің шабуылынан қырылған әйелдер саны жаға ұстатты
Содырлардың қолынан өлген әйелдерге қарағанда, АҚШ, Ресей, Сирия әскерінің шабуылынан қырылған әйелдер саны жаға ұстатты
7 жыл бұрын 3169 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Оқ-дәрінің иісі әлі сейіле қоймаған Сириядағы азаматтық соғыстан жалпы есеп бойынша 24 мың 746 әйел опат болған. Бір өкініштісі, олардың дені Башар Асад әскерінің қолынан қаза тапқан – 21 мыңға жуық. Бұл жайында сириялық адам құқығы жөніндегі ұйым (SNHR) келтірген дерек пен таратқан мәліметте айтылған. Аталмыш ұйымның құқық қорғаушылары соғыс басталған 2011 жылдың наурыз айынан 2017 жылдың қараша айына дейінгі мағлұматты алға тартып отыр: соғыстан қынадай қырылған 25 мыңға тарта әйелдің шамамен 11,5 мыңы қыз балалар мен бойжетіп қалған қыздар. Сириялық әйелдер өлімі 84,53 пайызы Башар Асад режимінен орын алған. 988 әйел мен қыздардың өліміне Ресей әскерилерін айыптап отыр. 611 әйелдің өлімі АҚШ бастаған террористерге қарсы халықаралық коалицияның мойнына артқан. Содырлардың қолынан 573 әйел бақилық болған екен. 

0 пікір
Мұрағат