SMS-пен айтылған өтініш бойынша 50 әжетхана тұрғызылды
|
Podrobno.uz ақпарат көзінің мемлекеттік туризм комитетіне сілтеме жасай отырып, таратқан хабарына қарағанда, Өзбекстанда ел тұрғындарының SMS-пен айтылған өтініші бойынша 50 әжетхана салынған. Сөз орайы келгенде айта кету керек, өткен жылдың ақпан айында өзбек кәсіпкерлеріне бүкіл ел аумағында осы заманға лайық әжетхана салуы үшін көптеген жеңілдіктер бірелген болатын. Мәселен, өзбек кәсіпкерлері осы мақсатта әжетхана құрлысы үшін 100 млн сум мөлшерінде, ал оларды күтіп ұстауы үшін жылына 12 млн сум салықтық жеңілдікке ие болады. Қоғамдық әжетхана мәселесі әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тапты. Ең алдымен, тазалық үшін, қоршаған ортаға зиян тигізбеу үшін осындай бастама өз кезегінде өзбек қоғамын біріктіре түсті. Өткен жылдың өзінде аталған ел аумағында 462 қоғамдық әжетхана тұрғызылған. Тарихи әрі мәдени ескерткіштер мен жәдігерлерге бай, соған орай туристер көптеп елетін елге ең қажетті бастама осындай нәтижесін берді. «Театр киім ілгіштен басталады» деген сөз бар ғой. Туристерді тарту үшін осындай қарапайым нәрселердің тигізер әсері көп.