|
Skype-ке салынған тыйымның күшін жойды
|
Сауд арабиясының билігі осыдан бір жыл бұрын тілдесуге және видео байланысқа арналған бағдарламаны пайдалануға тыйым салған болатын. Енді сол тыйымның күшін жойды. "Телекоммуникация саласындағы серіктестермен ынтымақтастық негізінде қоңырау шалуға арналған қосымшаға қатысты енгізген шектеуді алып тастаймыз",- деп мәлімдеді Саудияның телекоммуникация жөніндегі министрі Абдалла бен Әмір әл-Сауаһа. Осылай дей келе ол аталған қосымшаға қатысты орындалуы міндетті бірнеше талаптар қойылатынын жеткізді. Нақты қандай талаптар екенін айтқан жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)