Сиыры заңмен қорғалып, адамы тепкінің астында қалған ел
Сиыры заңмен қорғалып, адамы тепкінің астында қалған ел
6 жыл бұрын 2816 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістанның Ражастхан штатында соқыр сенімнен тағы бір сорақы жағдай орын алды. Тағы мұсылмандар жәбір көрді. Сиыр үшін. Сиырды киелі жануар санайтын үнді радикалдарынан жергілікті мұсылман шаруасы жапа шекті. Бұл жайында Reuters ақпарат ресурсы хабар таратты. Әкбар есімді мұсылман жігітіне сиыр контрабандасымен айналысты деген жала жапқан бес үнді радикалы оны таяққа жығып, ақыры өлтіріп тынды. 2014 жылы билік басына исламға қырын қарайтын. ұлтшылдықты ту еткен Нарендра Моди (премьер-министр) мен Үнді халық партиясы келгелі бері мұсылмандардан маза қашты. 2017 жылы Гуджарат штатында ірі қараны өлтіргендерге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді. Бұдан бөлек, зеңгі баба тұқымын мал соятын орынға апаруға қатаң тыйым салды: ондай жағдайда сиыр тиелген көлік тәркіленіп, бұл тыйымға құлақ аспағандарға 100 мың рупи (1,5 мың доллар) шамасында айыппұл салынатын болды. Үндістанның 36 штатының 20 штатында сиыр ішінара немесе тұтастай заңмен қорғалған. Осы уақытқа дейін заң жобасында сиырды мал соятын орынға тасымалдағандарға жеті жылға дейін бас еркінен айыру әрі 50 мың рупи (700 доллар мөлшерінде) айыппұл салу қарастырылған еді. 

0 пікір
Мұрағат