Сиырға сиынатындар еліне сиырдан қауіп төніп тұр
Сиырға сиынатындар еліне сиырдан қауіп төніп тұр
6 жыл бұрын 4019 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістанда бүгінгі таңда қауіпті дағдарыс басталып келеді. Табиғатқа жауапкершілікпен қарамаудан, экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан Үнді жерінде көп ұзамай індет бас көтеруі мүмкін. Сиырмен байланысты. Мәселенің мәнісі сонда, аталған ел аумағында сиыр еті тұтынылмайтындықтан, жылына жүз мыңдап табиғи ажалымен өлетін ірі қара өлекселері індет ошағына айналуы мүмкін. Бұған өлексені қорек ететін тазқаралар санының күрт кеміп кеткені себеп болуда. 1990 жылы Үндістан аумағындағы тазқаралар саны күллі әлемдегі тазқаралар санынан асып түсіп, 40 млн-нан асқан еді. Алайда, 2010 жылы олардың саны 20 мыңның ар жақ, бер жағында қалды. Бұған қабынуға қарсы сиырға егілген дәрі себеп болды. Дәлірегі, ірі қараға диклофенак егу қолға алынып, нәтижесінде өлексенің етінен тазқаралар жаппай қырыла бастады. Есесіне, егеуқұйрықтар мен қаңғыбас иттер сиыр өлексесінің етін азық етіп, індет таратуы мүмкін. Қазіргі уақытта диклофенакты сиырға екпейтін болды. Ал елде тазқаралардың тұқымын сақтау әрі көбейту бағдарламасы қабылданды. Алдын ала алынған мәлімет бойынша енді бір 25-30 жылдан соң тазқаралардың қарасы 20 млн-ға жетпек. 

0 пікір
Мұрағат