Сиырдың қоршаған ортаға газ бөлмеуі үшін ірі қараға екпе жасалады
|
Әлемге әйгілі Amazon компаниясының негізін қалаған Жеп Безос ірі қара метеоризіміне қарсы, яғни, қоршаған ортаға қауіпті газды бөлмеуіне ықпал етуі тиіс екпе жасуға 7 млн доллар құйды. Бұл жайында islam.kz порталы The Telegraph ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаһандық жылыну мен климат дағдарысына себеп болып отырған парникті газдардың жылына 14%-н атмосфераға бөлетін мал шаруашылығынан қоршаған ортаға келетін залалын мейлінше азайту үшін осындай тосын әрі тың басьамалар мен жобалар қолға алынып отыр. Сиыр бөлетін метан газы көмірқышқыл газына қарағанда әсері күшті – 80 есе қауіпті. SpaceX және Tesla Motors компанияларын құрған Илон Масктен кейін ірі капиталға ие Жеп Безос өзінің Пирбрайт институтындағы Bezos Earth Fund қорынан аударды ақшаны. Аталмыш институт негізінен жануарлар ауруларын зерттеумен әрі оларға қарсы екпе жасаумен айналысады. Жеп Безос сиырдың ішегіндегі қауіпті газды (метан) түзетін бактерияларды азайта алатын екпе жасауды алдына мақсат етіп қойған екен. Пирбрайт институты бұл тарапта өмірінің алғашқы алты аптасында метан микробтарының ірі қараның асқазанына қалай түсетінін зерттеу үшін 1,2 млн фунт стерлинг қаржыға ие болған Королдік ветеринарлық колледжбен (RVC) ынтымақтасады. Осы орайда мал шаруашылығынан метанның бөліну деңгейін азайтуға бағытталған өзге де жобалар қарастырылып жатқанын айта кетпекпіз: солардың бірі – ірі қараны теңіз балдырымен қоректендіру жобасы, ірі қарадан бөлінетін метанды аулайтын маска жобасы, сиыр көңін тозаңға айналдыру үшін плазмалық тапаншаны пайдалану жобасы, сиыр организіміне кенгурудың қиын трансплантациялау жобасын жатқызуға болады.