Сиырдың жапа тастағаны қадағаланады...
Сиырдың жапа тастағаны қадағаланады...
4 жыл бұрын 4540 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2020 жылдың мамыр айындағы мәлімет бойынша күллі әлемде 989 млн-ға тарта ірі қара бар. Ірі қараның мұншалықты көп болуы оның еті мен сүтіне, терісіне, т.б. сұраныстың артуымен байланысты. Десе де ірі қара қоршаған ортаға ең көп залал келтіретін мал болып шықты. Атмосфераға орасан көп мөлшерде метан бөледі. Фаст-фуд үшін қора-қора сиыр өсіретін компаниялар, соның ішінде тез тамақтандыру саласында аты шыққан Burger King компаниясы бұл проблемамен күресудің тиімді тәсілін тапқан болып шықты: жануарды жаңа диетаға көшіреді. Burger King мамандары әр сиырдың рационына 100 грамм цимбопогон (лемонграсс) үстейтін болды: бұл күніне сиырдан бөлінетін метан мөлшерін 33%-ға азайтуға мүмкіндік бермек. Бүгінгі таңда адамзаттың бас ауруына айналған климат өзгерісін жылдамдатып отырған факторлардың бірі – атмосфераға бөлінетін мұндай қалдықтар температураны көтереді. Лемонграсс ас қорыту кезінде метанның аз бөлінуіне ықпал етеді. Restaurant Brands International компаниясының өкілдері жаңа диетаға көшкен сиырлардың еті остин, Лос-Анджелес, Майами, Нью-Йорк және Портленд мегаполистеріндегі мейрамханалар желісінде 2020 жылдың шілде айының 15-нен бастап тағам дайындауда пайдаланылатынын мәлімдеді. Ірі қараларға арналған жаңа диетаны Мехико штатының автономды университеті мен Дэвистегі калифорния жоғарғы оқу орнының ғалымдары әзірлегенін айта кету керек. АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттігі келтірген дерекке қарағанда, әлемдегі атмосфераға бөлінетін метанның шамамен 50−65%-ы адамзаттың себепкерлігімен, соның ішінде ауыл шаруашылы мен өндірістік факторлар бойынша бөлінеді.

0 пікір
Мұрағат