|
Сиыр етін тасымалдағандар өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
|
Үндістандағы Гуджарат штатының бас министрі Виджай Рупани оның үкіметі келесі аптада сиыр сойғандар мен сиыр етін тасымалдағандарды өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейтін заң жобасын енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлады Life.ru.
Қазіргі уақытта үнділіктер үшін киелі саналатын малды сойғаны үшін бар болғаны жеті жылға соттау көзделген. - Заңның барынша қатаң болғанын қалаймыз, - деді ұлттық Үндістандық халық партиясының өкілі Рупани.
- Заң жобасында сиыр сойғандар немесе сиыр етін тасымалдауға белсенді қатысқандар өмір бойына бас бостандығынан айырылатынын көрсетеміз. Олардың көліктері де тәркіленеді.
Британдық The Guardian газетінің жазуынша, қазіргі уақытта 29 штаттың тек сегізінде ғана сиыр етін жеуге рұқсат бар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Жасанды зерде адамзаттың түбіне қалай жетуі мүмкін – зерттеу
■
Адамды аман қалдырмайтын, миды кеміретін құрттың бір құпиясы ашылды (видео)
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр