Сирияның жаңа билігі Иранға қатаң талап қойды
|
Сирияның жаңадан жасақталған билігі Иран билігінен 300 млрд доллар өтемақы талап етті. Кезінде өз халқына қастық қылған Башар Асад режимін қолдап, сириялықтарға ауыртпалық түсіргені үшін. Бұл жайында islam.kz порталы Al-Mudun ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта Сирия Ираннан өтемақы өндіріп алу үшін халықаралық соттарға жүгінетін болады. Бұдан бөлек, Сирия Иранмен арадағы барлық байланысты, дипломатиялық қатысты тоқтататынын мәлімдеді. Екі елдің арасындағы дипломатиялық байланыс ұзақ уақыт бойы тоқтатылады. Осы орайда Иран билігінің сириялық көтерілісшілердің Башар Асад режимін құлатқаннан кейін 50 млрд доллар талап еткенін айта кетпекпіз. Башар Асад режиміне қолдау білдіру үшін әрі Сириядағы өзінің мүддесін қорғайтын топтарға бөлінген қаржыны көтерілісшілердін өндіріп алуды көздеген болатын. Көтерілісшілер Иранның бұл талабын орындаудан бас тартып қоймай, Иран режиміне өз талаптарын қойды. Сирия осылайша авторитарлық режимдегі Ираннан іргесін аулақ салып, саяси бағытын өзгертетінін аңғартты