Сириялық босқындардың ағзасымен саудаласқан Израиль азаматы ұсталды
Сириялық босқындардың ағзасымен саудаласқан Израиль азаматы ұсталды
10 жыл бұрын 4029

Түркия полициясы сириялық босқындардан арзанға сатып алған ағзаларын саудалап жүрген Израил азаматын ұстады. «Deutsche Welle» ақпарат көзінің хабарына қарағанда, Украинада туып-өскен Борис Уокер (Вольфман) есімді Израил азаматы тергеу барысында сириялық босқындарды ішкі ағзаларын сатуға көндіріп, заңсыз әрекетін елеусіз емханаларда жалғастырғанын мойындаған. Яғни, ол таршылық көрген, жұмыссыз сириялық босқындарды өзінің арам мақсатында пайдаланған. Артынан белгілі болғандай, ол арзанға сатып алған ағзаларды 70-100 мың еуроға сатып, пайда тапқан. Борис Уокерге Әзірбайжанда, Косовада және Шри-Ланкіде жасаған осындай қылмыстары үшін Интерпол тарапынан халықаралық іздеу жарияланған болатын. Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Палестина билігі израилдіктерді осыған ұқсас қылмысы үшін айыптап, мәлімдеме жасағанын хабарлаған едік. Өткен жылдың (2014 ж.) тамыз айындағы «The New York Times» мерзімді басылымы санында осы жылдың қазан айында Израилдің әлемдік қара нарықта адам ағзасын саудалауда алдыңғы орынға шыққаны айтылған болатын.

 

Израиль әскері палестиналық жасөспірімді атып өлтірді (видео)

Қайғылы оқиға Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан Вифлем қаласында болған. Бұл жайында «24.kz» ақпарат көзі хабар таратты. Бұл туралы Палестина дәрігерлері хабар таратты. 19 жастағы жігіт еврей сарбаздарының тексерісі кезінде оққа ұшқан. Одан басқа, Израиль әскері тағы 2 палестиналық жасты қамауға алды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, еврей қарулы күштері жүргізетін мұндай рейдтер соңғы кездері үйреншікті жағдайға айналған. 1 қазаннан бері Израиль сарбаздарының қолынан жүзден астам Палестина азаматы ажал құшыпты.

0 пікір
Мұрағат